Тарифтік саясат

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер теміржол әкімшіліктерінің Тарифтік Келісіміне сәйкес, қолданыстағы тарифтерге уақытша коэффициенттер және тасымал жылына (бұдан әрі – ҚЗҚ ТТ) халықаралық қатынастағы жүктердің транзиттік тасымалдауларына арнайы құрамдастырылған мөлшерлемелерді орнатады.

Тарифтердің уақытша коэффициенттері мен жүктердің транзиттік тасымалдауларына арнайы құрамдастырылған мөлшерлемелер ҚЗҚ ТТ мөлшерлемелеріне Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің және басқа елдердің теміржол әкімшіліктерінің ұсыныстары, көліктік-экспедиторлық ұйымдардың, жүк жөнелтушілерінің және жүк алушыларының сұранымдары, халықаралық келісімдер (келісімдерде көрсетілген мерзім ішінде) негізінде, сонымен қатар Компанияның бастамасы бойынша орнатылады.

Көліктік-экспедиторлық ұйымдардың, жүк жөнелтушілерінің және жүк алушыларының тарифтердің уақытша коэффициенттерін және жүктердің транзиттік тасымалдауларына арнайы құрамдастырылған мөлшерлемелерді ұсынуға арналған сұранымдары мәлімдеме түрінде ресімделеді.

Теміржол әкімшілігінің ұсынысы жазбаша түрінде ресімделіп, әкімшіліктің ресми тұлғасының қолы мен тарифтердің уақытша коэффициенттерін және жүктердің транзиттік тасымалдауларына арнайы құрамдастырылған мөлшерлемелер қажеттілігінің нақты негіздемесін қамтуы тиіс.
ҚЗҚ ТТ орнатуға арналған құжаттар пакеті төмендегілерді қамтуы тиіс:

  • Қолданыстағы тарифтердің коэффициенттерін және жүктердің транзиттік тасымалдауларына арнайы құрамдастырылған мөлшерлемелерді орнату Мәлімдемесі;
  • Уақытша коэффициент пен жүктердің транзиттік тасымалдауларына арнайы құрамдастырылған мөлшерлемелерді есептеуге арналған мәліметтер;
  • Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растайтын құжаттар.
2012 жылғы тасымал жылына арналған халықаралық қатынастағы жүктерді тасымалдауға Қазақстан темір жолдарының Тарифтік саясаты

Бірыңғай транзиттік тариф

Осы Тариф халықаралық теміржол жүк қатынас Келісімінің және халықаралық теміржол жүк қатынас келісіміне Бірыңғай құқықтық бұйрықтар жағдайларында осы Тариф қатысушыларына теміржол көлігі арқылы транзитпен тасымалданатын жүктерді жөнелту барысында қолданылады. Тасымалдаулар шекара, порт және жүктерді автомобиль көлігіне қайта жөнелту станциялары арқылы, сонымен бірге осы Тарифтің Х Тарауында көрсетілген транзиттік бағыттарда құбыр көлігінің қатысуымен жүктерді теміржол көлігі арқылы тасымалдауда:

•  темір жолдары осы Тарифке қатысатын елдер арасында;

•  темір жолдары осы Тарифке қатысатын елдер арасында, бір тараптан, және темір жолдары оған қатыспайтын елдер, басқа тараптан.

Халықаралық теміржол транзиттік тарифі

Осы Тариф халықаралық теміржол жүк қатынас Келісімінің және халықаралық теміржол жүк қатынас келісіміне Бірыңғай құқықтық бұйрықтар немесе бірдей Бірыңғай транзиттік тариф қатысушысы болып табылатын темір жолдары бойынша Вьетнам Социалистік Республикасын, Қытай Халық Республикасын, Корея Халықтық Демократиялық Республикасын, Моңғолияны қоспағанда, басқа көліктік құқық негізінде ХТТ қатысушылары – теміржол көлігі арқылы транзитпен тасымалданатын жүктерді жөнелту барысында қолданылады.