«Достық» станциясы



Климаттық жағдайлары шұғыл континенттік.

Климатические условия резко континентальные

Достық станциясы Алматы облысындағы Алакөл ауданына тиесілі.

Достық – Алашанькоу халықаралық шекара өткелі 1991 жылы іске қосылған. Аталмыш өткел Азияттық-Тынық мұхит аймақтарын, Таяу Шығыс, Шығыс және Батыс Еуропаны байланыстыратын қосымша трансконтиненттік маршрутты құра отырып, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Еуропа – Азия қатынасында халықаралық көлік арқылы жүк тасымалдауларын қамтамасыз етуге септігін тигізді.

Международный пограничный переход Достык

Яндекс карталарынан қарау



Месторождения бентонитовых глин

Бентониттік балшық кен орындары

Андреевское
және Ильдерсайское

Пайдалы қазбалар бар: Андреевское және Ильдерсайское бентониттік балшық кен орындары. Аймақта суармалы және тәлімі егін шаруашылығы дамып, дәнді дақылдар және көкініс отырғызылады. Басты бағыт – ет-сүт мал шаруашылығы.







г.Ушарал — районный центр

Үшарал қ. — аудан орталығы

Ауданның сипаттамалары
  • —Аумағы: 23,7 мың ш. км
  • —Тұрғындар саны: 79,9 мың адам (соның ішінде қалада — 18,3 мың адам, ауылды аймақта — 61,6 мың адам)
  • —Тұрғындардың тығыздығы: 3,4 адам/ш. км
  • —Елді мекендердің саны: 61
  • —Ауылдық және қалалық округтердің саны: 24
  • —Аудан орталығы: Үшарал қ. (15,4 мың адам)
  • —Достық поселкесі: 3 мыңнан астам адам (соның ішінде 1/3 — теміржолшылар)




Шекаралық жүк тиейтін Достық станциясы мемлекеттік шекара арқылы жүретін пойыздарды қабылдау және жөнелту, теміржол ендерін ауыстырумен байланысты вагоннан вагонға қайта тиеу, бір жолдың арбасынан басқа жол арбасына жүк және жолаушылар вагондарын тоқтату, Қазақстан және басқа да мемлекеттердің жүйесіне келетін әрі жөнелтілетін құрамдарды құрастыру және тарату бойынша операциялардың толық кешенін жүзеге асырады.

Станциядағы жол дамуы үш қабылдау-жөнелту паркін және құрамдар мен вагондарды кедендік тексеруге арналған бір паркті қамтиды.


Станция басында вагондарға техникалық қызмет көрсету пункті, вагондарды кең жолдан тар жолға және керісінше тоқтату пункті және жеті қайта тиеу орны орналасқан.


Вагондарды тоқтату пункті жолаушылар вагондарының доңғалақ жұптарын тоқтатуға арналған 10 ұстанымға және жүк вагондарының доңғалақ жұптарын тоқтатуға лайықталған 42 ұстанымға ие.

Ақтоғай – Достық іргелес учаскесінің өткізу қабілеттілігі жыл сайын өсіп, 2008 жылы шамамен 18 млн. тоннаға дейін жетті. Достық – Алашанькоу шекара өткелі арқылы өтетін тасымалдаулардың мүмкін көлемінің болжамына сәйкес, 2014 жылға қарай жүк ағымы жылына 23 млн. тоннаға дейін өспек



Станция басшылығы
ТАӘ Лауазымы Байланыс телефоны ТЖ телефоны
Жаниязов Нұрым Лепесұлы Станция директоры 8-728-333-1015 6-22-00
Станция директорының қабылдау бөлмесі 6-22-05
Қалдыбаев Манатбек Нағманұлы Директордың бірінші орынбасары 6-22-01
Байнағаев Мұрат Туканұлы Директордың сыртқыэкономикалық байланыс жөніндегі орынбасары 6-28-17
Шойынбеков Мирболат Нұркетайұлы Директордың жүк жұмысы жөніндегі орынбасары 6-22-03
Орынбаев Қайрат Мұратұлы Бас инженер 8-728-333-1011 6-22-04