Теңіз көлігі
Кеме қатынасы су жолдарын пайдалану Ережелері

Құжат қамтиды:

—  2005 жылғы 27 мамырдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 527 Қаулысы.

—  Қазақстан Республикасының кеме қатынасы су жолдарын пайдалану тәртібін анықтайды.

—  Ереже әрекеті Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілетін кеме қатынасы үшін ашық су жолдарының тізіміне сәйкес кеме қатынасы үшін ашық су жолдарына таратылады.

Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу Ережелері

Құжат қамтиды:

—  2003 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 49 Қаулысы.

—  Теңіз кемелері мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу тәртібін анықтайды.

Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің каботажды жүзеге асыруына рұқсат беру Ережелері

Құжат қамтиды:

—  2005 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1113 Қаулысы.

—  Ереже әрекеті шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін және Қазақстан Республикасының теңіз кемежайлары арасындағы қатынаста, сонымен қатар Қазақстан Республикасына қарасты тиеу кемежайынан жүк түсіру кемежайына тасымалдауларды жүзеге асыратын барлық кемелерге қатысты таратылады.

—  Шетел кемелерімен каботажды жүзеге асыру рұқсаты өз құзыреттілігі аясында мемлекеттік саясатты, мемлекеттік бақылауды, сауда мақсатында теңіз жүзулері саласындағы қызметті үйлестіру және реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен беріледі.

Шағын өлшемді кемелерді, олардың тұрағы үшін базаларды (құрылыстарды) пайдалану Ережелері

Құжат қамтиды:

—  2011 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 798 Қаулысы.

—  Қазақстан Республикасының теңіз жағажай суларында, ішкі су жолдарында, сонымен қатар басқа да су қоймаларында шағын өлшемді кемелерді, олардың тұрағы үшін базаларды (құрылыстарды) пайдалану тәртібін анықтайды.

—  Ережелердің орындалу бақылауын Қазақстан Республикасының көлік және коммуникациялар Министрлігі жанындағы көліктік бақылау Комитетінің аймақтық органдарымен жүзеге асырылады.

—  Осы Ережелерді бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.

Қазақстанда шетел теңіз кемелерін пайдалану

Соңғы жылдары Каспий бассейнінің қазақстандық секторы көмірсутекті өндірудің ең тартымды жері ретінде бағаланады. Дегенмен, бұл орайда бірқатар мәселелер бар болып отыр. Осы мәселелердің шешілуі аталмыш аймақтың игерілуіне тікелей байланысты. Каспийдегі мұнай өңдеу компанияларының дұрыс қызметіне кедергі жасайтын жағдайлардың бірі — Қазақстанның кеме қатынасы саласындағы заңнамасының әлі-де болса қалыптасу-деңгейінде болуы.

Басқа тұрғыдан қарасақ, бүгінгі күні Каспий теңізіне шектес басқа мемлекеттер меншікті теңіз флотилиярына ие болса, республикамызда әлі-де болса өмірге бейімді теңіз флоты құрылмай жатыр. Қазақстандық кәсіпкерлер өздерінің қызметтерін жүзеге асыру барысында шетел кемелерін жалдауға мәжбүр. Аталмыш жағдай сауда теңіз қатынасы саласындағы толық дамымаған заңнама байланысында кейбір мәселелердің себебі болып табылады. Осы мәселелерді тәжірибе түрінде шешу нақты қиындықтарға, ал кейбір жағдайларда, тіпті, ақталмаған материалдық әрі уақытша шығындарға әкеп соқтыруда.