«Хоргос» индустриялық-логистикалық хабы
«Хоргос – Шығыс қақпасы» АЭА Алматы облысына қарасты Панфилов ауданының аумағында құрылуда. Аймақтың жалпы алаңы 5 840 га құрайды.
ҚР Президетінің «Хоргос – Шығыс қақпасы» АЭА құру туралы № 187 Жарлығына 2011 жылғы 29 қарашасы күні қол қойылды.
2006 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 633 Қаулысымен мақұлданған «Хоргос» ШҚХО бұдан әрі дамыту Концепциясы арнайы жеңілдік кеден, салық және инвестициялық тәртіптерді қолдану мүмкіндігін қарастырады.

Көліктік-логистикалық жүйесін кешенді қалыптастыру бойынша міндеттерді жүзеге асыру Елбасының тапсырмаларына сәйкес, Қазақстан Республикасының логистикалық операторы ретінде «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясына жүктеліп отыр.

Бүгінгі таңда Үкімет тапсырмаларына сәйкес «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Хоргос – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын құру және кешенді дамыту» жобасын жүзеге асыруға кірісті. Бұл жобаның көліктік-логистикалық жүйесін кешенді қалыптастыру бойынша қойылған міндеттер үшін маңызы орасан зор.

«Хоргос – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын (бұдан әрі – «Хоргос – Шығыс қақпасы» АЭА) құру Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 6225 тапсырмасын орындау мақсатында қарастырылған.

«Хоргос – Шығыс қақпасы» АЭА негізгі мақсаттары

  1. Қазақстан Республикасы сауда-экспорттық қызметінің мүдделілігін және транзиттік әлеуетін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, сонымен қатар шекаралас мемлекеттермен экономикалық және мәдени алмасуды дамытуға болысатын тиімді көліктік-логистикалық және индустриялық орталықты құру;
  2. Қазақстандық өнімнің өндіріс пен өткізудің жалпыәлемдік жүйесіне бірігуін жүзеге асыру және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін инновациялық, бәсекеге қабілетті отандық өнімді құру;
  3. Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін жағымды инвестициялық климат құру, сонымен қатар отандық және шетел инвестицияларын тарту;
  4. Республика экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстарының жүйесіне кіруін жандандыру жолында аймақты жедел дамыту;
  5. Нарықтық қарым-қатынастардың құқықтық нормаларын жетілдіру, басқару және шаруашылық жүргізудің замануи әдістерін енгізу;
  6. Тұрғындардың жұмыспен қамтылуын арттыру.
АЭА негізгі құрамы:

  • —   «Хоргос» ШҚХО – сауда-көрмелік кешендердің жүйесі және келіссөздерге арналған алаң;
  • —   Құрғақ порт көліктік-логистикалық кешен ретінде;
  • —   Индустриялық аймақ өнеркәсіптік кәсіпорындар кешені ретінде;
  • —   Тұрғын үй аймағы ел орналасқан аумақ ретінде;
  • —   Қосымша инфрақұрылым мен перспективалық даму аумағы.
АЭА қызметінің басым түрлері:

  1. қойма шаруашылығы мен қосымша көліктік қызмет;
  2. азық-түліктер өндірісі;
  3. былғары және оған тиесілі өнім өндірісі;
  4. тоқыма заттарының өндірісі;
  5. металлдан жасалмаған басқа да минералдық өнім өндірісі;
  6. химия шаруашылығы өнімдерінің өндірісі;
  7. машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарының өндірісі;
  8. басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтардың өндірісі;
  9. ғимараттардың жобалық-сметалық құжатнамасына сәйкес көрмелерді ұйымдастыру, мұражайлар, қойма және әкімшілік ғимараттарына арналған құрылыс.
АЭА қатысушыларына арналған қосымша артықшылықтар

  • —   Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық класс автомагистралінің бар болуы;
  • —   теміржол инфрақұрылымының бар болуы (Алтынкөл станциясы, Жетіген – Қорғас т.ж. торабы);
  • —   «Ақтау» теңіз кемежайына тікелей шығу мүмкіндігі.
АЭА сұрақтары жөніндегі өкілетті мелмекеттік орган

Қазақстан Республикасының индустрия және жаңа технологиялар Министрлігі арнайы экономикалық аймақтарды құру, қызмет ету және тарату саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.

АЭА құру, қызмет ету және тарату саласындағы реттеудің жалпы сұрақтары, АЭА қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру үшін мәлімдеушімен ұсынылатын құжаттар тізімі мен мәлімдеушілерге қойылатын талаптар анықтамасы, сонымен қатар арнайы экономикалық аймақ қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға мәлімдемені қарастыру процедурасы 2011 жылғы 21 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» № 469-VI Заңымен анықталған.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Заңына сәйкес «Хоргос – Шығыс қақпасы» АЭА құру Концепциясы жасалып, бұл жоба ҚР Үкіметіне енгізілді.

Хаб

2005 жылғы 4 наурыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 204 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Рамалық келісімге сәйкес «Хоргос» шекаралас қызметтестіктің халықаралық орталығы (бұдан әрі «Хоргос» ШҚХО) құрылды.

«Хоргос» ШҚХО құру Қазақстан Республикасының және Қытай Халық Республикасының, сонымен қатар үшінші елдер азаматтарының іскерлік кездесулер, Қазақстанда, Қытайда және ТМД мемлекеттерінде жасалған өнеркәсіптік өнімдермен танысу, сауда мәмілелерін жасау және бос уақытты өткізу, сонымен қатар өкілетті мемлекеттік органдармен келісілген және Қазақстан мен Қытайдың ұлттық заңнамаларымен тыйым салынбаған қызмет түрлерін жүзеге асыру жолында визасыз келу аумағын қалыптастыруды қарастырады.