Портал туралы


Аталмыш портал көліктік-логистикалық қызметтерді дамыту сұрақтарына арналған келіссөздер үшін өзіндік интерактивтік алаңы болып табылады.
Портал Қазақстан Республикасының көліктік-логистикалық жүйесін дамыту стратегиясы жөніндегі нақты ақпарат пен сала мәселелерінің Кітабын қамтитын болады.
Бұнымен қатар, портал жанынан инновациялық жобаларды сүйемелдеу мен енгізудің маңызды механизміне айналатын және логистикалық сектордағы бар статистикалық ақпаратты көрсететін Қазақстанда көліктік логистиканы зерттеу және дамыту жөніндегі алғашқы мамандандырылған зерттеу-сарапатамалық орталығының құрылуы жоспарланып отыр.

2011 жылдың шілде айында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жанынан «Ұлттық көліктік логистиканы дамыту Орталығы» АҚ (бұдан әрі – «ҰКЛДО» АҚ) құрылған болатын. Жаңадан ашылған кәсіпорынға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен қойылған ғаламдық мемлекеттік міндет – 2016 жылға қарай Қазақстанды аймақтың сауда, логистикалық және іскерлік хабы ретінде тұрғызуды қамтамасыз ету мақсаты қойылды (2011 жылғы 17 сәуірдегі ҚР Президентінің қатысуымен өткен ҚР Үкіметі кеңейтілген отырысының № 01–7.4 Хаттамасы).

Қазақстан Республикасының көліктік-логистикалық саласын дамытуға арналған бірыңғай құралды құру аясында «ҰКЛДО» АҚ көліктік логистика бойынша www.kazlogistics.kz ақпараттық-сараптамалық порталы құрылған болатын.

Порталды құрудың негізгі мақсаттары

  1. Көліктік-логистикалық қызметтерді дамыту сұрақтарына арналған келіссөздер үшін өзіндік интерактивтік алаңды ұйымдастыру;
  2. Қазақстан Республикасының көліктік логистика саласын дамытуға болысу;
  3. Кеден одағы аясындағы және басқа мемлекеттер қатысушыларын логистикалық процесстерге біріктіру;
  4. ҚР көліктік стратегиясын ақпарттық-әдістемелік сүйемелдеу;
  5. Көліктік логистика сұрақтарына арналған шешімдерді қабылдау үшін тәжірибелік кепілдемелерді жасау;
  6. Сараптамалық есептерді, зерттеулерді және болжамдарды ұсыну;
  7. Логистика тиімділігінің Индексіне (LPI) қатысты ақпаратты ұсыну.
Портал жанынан құру жоспарланды

  • —Жүктерді тасымалдау және жеткізу бойынша серіктестер мен атқарушыларды іздестірудің сауда алаңы;
  • —Ұйымдардың тізімдемесі (қоймалау, жүкті өңдеу, тасымалдау, логистикаға қатысты білім, консалтинг, логистикалық орталықтар және т.б.);
  • —Кеден одағына қатысты ақпаратты, заңнаманы, логист күнтізбесін, елдердегі логист анықтамасын (логист кітапханасы, аралықтар мен маршруттардың калькуляторы, сервистік орталықтар және т.б.), мамандардың мақалалары мен сұхбаттары, логистика саласындағы тендерлер мен сатып алуларға қатысты ақпаратты және т.с.с. қамтитын Ақпараттық орталығы;
  • —Аралықтар мен маршруттардың калькуляторы;
  • —Логистика бойынша тендерлер мен сатып алулар.
Порталды құру нәтижесі

Қазақстанға қызығушылық білдіретін аудиторияның кез келген түріне арналған білім, ақпараттылық және сараптама алаңын ұсыну мақсатында көлік саласындағы қызметтің барлық түрлерін қамтитын порталды құру, атап айтқанда:

  1. Саланы дамыту және Қазақстанға халықаралық транзиттік жүк ағымдары мен транзиттік маршруттарды тарту;
  2. Қазақстанның көліктік-логистикалық секторына шетел инвесторларын тарту;
  3. Көліктік-логистикалық сала жағдайын талдау және саланың мониторингісін жасауға арналған мәліметтердің интерактивтік ақпараттық базасын құру;
  4. Көліктік-логистикалық нарық қатысушылары тізімдемесінің мәліметтер базасына, сараптамалық зерттеулерге рұқсат беру;
  5. Көліктік логистика сұрақтары бойынша интерактивтік қарым-қатынас.