Келісімдер
Кеден одағының өсімдіктер карантині жөніндегі Келісімі

Құжат қамтиды:

2009 жылғы 11 желтоқсандағы Санкт-Петербург қаласында жасалған Келісім.

Негізгі түсініктер.

Кеден одағының ветеринариялық-санитариялық шаралар жөніндегі Келісімі

Құжат қамтиды:

2009 жылғы 11 желтоқсандағы Санкт-Петербург қаласында жасалған Келісім.

Негізгі түсініктер.

Ветеринариялық бақылауға жататын тауарлардың Бірыңғай тізіміне кіргізілген Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы ауыстырылатын және Кеден одағының кедендік аумақтағы жеке пайдалану тауарларын қоса алғанда, әрекеті тауарлардың ветеринариялық бақылауына таратылатын баптар.

Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары жөніндегі Келісім

Құжат қамтиды:

2008 жылғы 28 қаңтардағы Мәскеу қаласында жасалған Келісім.

Негізгі түсініктер.

Тауарлардың сыртқы саудасын қозғайтын және ұлттық мүдделілікке орай енгізілетін шаралар.

Тауарлардың сыртқы саудасы тыйымдарының ерекше түрлері мен шектеулері.

Сыртқы сауда саласындағы тауарларды лицензиялау ережелері жөніндегі Келісім

Құжат қамтиды:

2009 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының № 207-IV Заңы.

Осы Келісім үшінші елдер саудасындағы Еуразиялық экономикалық кеңістік аясында Кеден одағына қатысушы мемлекеттерге әкелу немесе шығару тыйымдары немесе шектеулері қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізіміне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттарды беру тәртібін анықтайды.

Осы Келісімнің әрекеті экспорттық бақылауға жататын тауарлар экспортына және (немесе) импортына, қарулы және әскери техника, сонымен қатар әскери тағайындаудағы басқа да өнім экспортына және импортына таратылмайды.

Карантиндегі өнім

Қазақстан Республикасына карантиндегі өнімді әкелу фитосанитариялық бақылау посттары арқылы жүзеге асырылады. Ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген карантиндегі өнімге қойылатын фитосанитариялық талаптарға сәйкес болуы тиіс.

Қазақстан Республикасынан карантиндегі өнімді шығару өсімдіктер карантині саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттары мен келісімдерімен қарастырылған жағдайларда, сонымен қатар импорттаушы елдер өсімдіктерінің карантин бойынша ұлттық қызметтердің талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

Карантиндегі өнім экспортына фитосанитариялық сертификат алатын жеке және заңды тұлғалар Комитеттің аймақтық инспекцияларына бекітілген формадағы мәлімдемелерін береді.

Фитосанитариялық сертификатты, карантиндегі экспорттық өнімнің карантиндік жағдайын куәландыратын құжат Кеден одағының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы өсімдіктер карантині жөніндегі Келісімімен, Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині туралы» Заңымен және Қазақстан Республикасының Үкіметімен 2009 жылғы 30 қарашадағы № 1730 Қаулысымен (өзгертулермен және толықтырулармен) бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объекттер мен бөтен түрлерден қорғау жөніндегі Ережелерімен реттеледі.