Нормативтік база
Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияны бекіту туралы

Құжат қамтиды:

—  1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Қаулысы;

—  Халықаралық авиацияның негізгі қағидаттары, атап айтқанда, қатысу мемлекет аумағының үстінен ұшу ережелері, әуе кемесінің ұлттық тиістілігінің қағидаты, халықаралық ұшуларды жеңілдету, халықаралық стандарттар, кеңестік тәжірибелер (SARPs) және т.б.

—  Конвенция акті Халықаралық азаматтық авиация Ұйымын (ИКАО, ICAO) құруды қарастырады. Ұйым БҰҰ жанындағы қауымдастырылған орган бола тұрып, конвенция ережелері мен қосымшаларының орындалуына бақылау жүргізуі және уақыт рухына сәйкес осы қосымшаларды түзетуі және толықтырып отыруы тиіс.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің авиация сұрақтары жөніндегі кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Құжат қамтиды:

—  2010 жылғы 2, ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 61 Қаулысы.

Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын дамытудың 2009-2011 жж. арналған кешенді шаралар Жоспарын бекіту туралы

Құжат қамтиды:

—  2009 жылғы 27 қаңтардан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің № 12-р Бұйрығы.

—  2009–2011жж. арналған Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын дамытудың кешендік шаралар Жоспары.

Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы

Құжат қамтиды:

—  2010 жылғы 15 шілдеден Қазақстан Республикасының № 339-IV Заңы.

—  Осы Заң Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланумен және авиация қызметімен байланысты қоғамдық қарым-қатынастарды реттеп, адам өмірін, қоршаған ортаны, мемлекет мүдделілігін сақтау, әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы экономикасының мұқтаждарын, сонымен қатар азаматтардың әуе қызметтеріне қанағаттандыру мақсатында әуе кеңістігін пайдалану мен авиация қызметінің тәртібін анықтайды.

Қазақстан Республикасының халықаралық және ішкі әуе желілерінде тұрақты емес әуе тасымалдауларын жүзеге асыру Ережерелерін бекіту туралы

Құжат қамтиды:

—  1999 жылғы 08 қазандағы Қазақстан Республикасы көлік, коммуникациялар және туризм Министрлігінің № 705 А-1 Бұйрығы.

—  1999 жылғы 12 қазандағы Қазақстан Республикасы сыртқы істер Министрлігінің № 36 Бұйрығы.

—  1999 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрінің № 170 Бұйрығы (ред. 2000 жылғы 07 маусымнан)

—  Қазақстан Республикасының халықаралық және ішкі әуе желілерінде тұрақты емес әуе тасымалдауларын жүзеге асырудың осы Ережелері Халықаралық азаматтық авиация ұйымының ережелері мен кепілдемелерінің талаптары, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» қолданыстағы Заңы, «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңы, сондай-ақ азаматтық авиация қызметі мен Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануды реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілер негізінде жасалған.