Жұмыс тәртібі
Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі қызметтерді сертификаттау Ережелері

Құжат қамтиды:

—  2003 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 106 Қаулысы.

—  Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді сертификаттаудың осы Ережелері Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына, 1995 жылғы 20 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» N 2697 қолданыстағы Заңына және 2001 жылғы 15 желтоқсаннан Қазақстан Республикасының «Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» Заңына сәйкес жасалып, Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы авиациялық техникаға қызмет көрсету және жөндеу қызметтерін сертификаттау тәртібін бекітеді.

Аса жеңіл авиация саласында сертификаттау Ережелері

Құжат қамтиды:

—  Аса жеңіл авиация саласында сертификаттаудың осы Ережелері Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына, 1995 жылғы 20 желтоқсаннан «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» N 2697 қолданыстағы Заңына және 2001 жылғы 15 желтоқсаннан Қазақстан Республикасының «Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» Заңына сәйкес жасалып, Қазақстан Республикасының аса жеңіл авиация саласында сертификаттауды жүргізудің құқықтық және ұйымдық негіздерін бекітеді.

—  Осы Ережелер метеорологиялық мақсаттарда пайдаланылатын шар-ұшқыштар, сонымен қатар ұшқышсыз басқарылатын аэростаттар қатынасында қолданылмайды.

Азаматтық әуе кемелерінің пайдаланушылары мен олардың қызметтерін сертификаттау Ережелері

Құжат қамтиды:

—  Азаматтық әуе кемелерінің пайдаланушылары мен олардың қызметтерін сертификаттаудың осы Ережелері Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының талаптарына, 1995 жылғы 20 желтоқсаннан «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» N 2697 қолданыстағы Заңына, 2001 жылғы 15 желтоқсаннан Қазақстан Республикасының «Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын сәйкес халықаралық шарттар есебімен басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жасалған.

—  Осы Ережелер Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген азаматтық кемелер пайдаланушыларына сертификаттар берудің тәртібін, сонымен қатар жолаушылардың, багаждың, жүктің, поштаның әуе тасымалдауларын ұйымдастыру және қамтамасыз ету, авиациялық жұмыстарды атқару бойынша пайдаланушылармен көрсетілетін қызметтерді сертификаттау ережелерін анықтайды.

—  Осы Ережелер аса жеңіл авиациялық әуе кемелерінің пайдаланушылары қатынасында қолданылмайды.