Нормативтік база
Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі» Заңы

Осы Заң автомобиль көлiгi саласында тасымалдаушылар, жолаушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қатынастарды реттейдi.

Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес автомобиль көлiгi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

Автомобиль көлігі саласындағы қызметтерді жүзеге асырудың негізгі қағидаттары:
  1. Адамдар өмірі мен денсаулықтарының қауіпсіздігі және осыларды сақтаудың, сонымен қатар табиғат пен мәдени құндылықтарды қорғаудың басымдылықтары;
  2. Тұтынушыларға автомобиль көлігі саласындағы қызметтерді таңдау бостандығын қамтамасыз ету;
  3. Автомобиль көлігі саласындағы жұмыстар мен қызметтерді жүзеге асыруда жеке және заңды тұлғалар құқықтарының теңдігі;
  4. Автомобиль көлігі саласындағы жұмыстар мен қызметтер бағасының бостандығын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының «Автомобиль жолдары туралы» Заңы

Осы Заң Қазақстан Республикасында автомобиль жолдарын мемлекеттiк басқарудың, оларды мемлекеттiң және автомобиль жолдарын пайдаланушылардың мүдделерiнде салудың, пайдаланудың және дамытудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық негiздерiн реттейдi.

Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, шаруашылық автомобиль жолдары, сондай-ақ елдi мекендердiң көшелерi болып бөлiнедi.

ҚР «Автомобиль көлігі туралы» Қаулылары
Автомобиль тасымалдауларының ережелері